Облыс бойынша ауылішілік
көшелердің жалпы ұзындығы 2072 шақырымды құрайды. 2011-2014 жылдары
көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге
облыстық бюджеттен 7,0 млрд. теңгеден аса қаржы бөлініп, 361,5 шақырымды
құрайтын елді мекен көшелеріне жөндеу жүргізілсе, Қызылорда қаласы бойынша 10,6
млрд. теңгеге ұзындығы 182 шақырым болатын 156 көшесі асфальттанды. Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті
жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында
мәлімдеді.