Қызылорда облысына құлаған Протон-М зымыранының зиянын өтеу мәселесi шешiмiн табады

Қызылорда облысына құлаған Протон-М зымыранының зиянын өтеу мәселесi шешiмiн табадыАстанада Орталық коммуникациялар қызметiнде өтiп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысы аумағына құлаған Протон-М мәселесi жөнiнде кеңiнен тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Мен облыс әкiмiмiн, зымыран тасығыш өңірге құлап жатса, халыққа зардабы тиiп жатса, неге мен немқұрайлы қарауға тиіспін. Зымыран құлады, ең бiрiншi облыс әкiмi барды сонда. Бұл жерде бiздiң мамандар есептеген, көрсетiлген зардаптың көлемi 13,9 млрд. теңге деп бағаланды. Бiрақ Ресей мен Қазақстанның әдiстемесi келiңкiремейдi. Қазақстан келтiрiлген зиянды бiр әдiстемемен есептейдi, Ресей басқа әдiстемеге жүгiнедi. Оны келiсу үшiн қараша айында Байқоңырда үкiметаралық комиссияның отырысы өтедi. Онда экология мәселесi бойынша үкiметаралық келiсiм жасалады. Соның iшiнде осы түйткіл шешiледi. Ол жөнiнде келiссөздер жүргiзiлдi. Сол Байқоңырдың аймағында болған жағдайлар ҚР экология мәселесi жөнiндегi заңнамасы бойынша қаралады", - деп атап өттi облыс әкiмi.

Оның сөзiне қарағанда, үкiметаралық отырыста Протон-М зымыран тасығышының түйткiлдi мәселелерi талқыланады.

"Екiншiден, өте маңызды мәселе, жаңағы әдiстеменi келiсемiз, бiр әдiстемемен жұмыс iстейтiн боламыз. Содан кейiн бiзге келтiрiлген зиянды өтеу мәселесi шешiмiн табады. Ресейлiктер зиянды төлеуге дайынбыз, бiрақ әдiстемемiздi келiсейiк дейді. Бұл қараша айындағы комиссия отырысында шешіледi деп ойлаймын", - деп түйдi ойын Қ. Көшербаев.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2014 г. 1 025 0