Қызылордада КСРО төлқұжатымен жүргендер бар

Қызылордада КСРО төлқұжатымен жүргендер барҚызылорда облысында соңғы екі жылда 33 тұрғын 1974 жылғы үлгідегі Кеңес үкіметі төлқұжаттарын Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәліктеріне алмастырды, деп хабарлайды ОІІД көші-қон полициясы.

Полиция мәліметіне сүйенсек, биылғы жылы 2 адам ескі төлқұжатын алмастырған, ал өткен жылы 31 адам жаңадан куәлік алыпты. Олар негізінен шалғай ауылдардың тұрғындары, дені малшылар мен тұрғылықты жері жоқ адамдар. Осылайша бұл азаматтар 20 жыл бойына еліміздің құжатынсыз жүрген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2014 г. 924 0