Байқоңырдың қазақ мектептері қазақстандық стандартқа көшеді

Байқоңырдың қазақ мектептері қазақстандық стандартқа көшеді Бұл туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Байқоңыр қаласындағы біздің мектептерімізді қазақстандық стандартқа көшіру мәселесі де оң шешімін табуда. Жыл аяғына дейін Ресей және Қазақстан білім және ғылым министрліктері арасында барлық қажетті құжаттарға қол қойылады деген сенімдемін. Сөйтіп 2015-2016 оқу жылынан бастап байқоңырлық мектептер біздің еліміздің стандарты бойынша жұмыс істейтін болады», - деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев.
Қазіргі таңда ҚР аймақтық даму министрлігі Байқоңыр қаласы мен Төретам кенті және Ақай ауылдық округін әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын дайындауда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2014 г. 953 0