«Бірінші рет өз
түлектерімізді Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындары – Мәскеудің болат
және қорытпа институты мен Санкт-Петербург дамушы полимерлер технологиялық
университетінде оқуға жіберіп отырмыз. Бұдан басқа 365 бітіруші түлекке аймақ
экономикасына қажетті мамандықтар бойынша облыс әкімінің гранты бөлінді. Яғни
маңдайы жарқыраған, талабы бар, алайда, ата-анасының оқытуға шамасы жетпейтін
балаларды демеп отырмыз», - деді Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР
Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз
мәслихатында.
Тау-кен саласына
қажетті кадрларды даярлау мақсатында үстіміздегі жылы Ресей Федерациясының Москва қаласындағы Ұлттық технологиялық
зерттеу университетінде 82 оқушы, Санкт-Петербург мемлекеттік полимерлері технологиялық университетінде 27,
барлығы 109 студент білім алуда.
Қызылорда облысында геологиялық жұмыстардың жүргізілуіне
байланысты 15 арнайы пән оқытушылары мен оқу өндірістік шеберлері Белоруссияның
ұлттық кәсіптік білім беру институтында 2-3 ай мерзімдік біліктілік арттыру
курстарынан өтті.
Бүгінгі күні, Шиелі индустриалды-аграрлы колледжінің
атауын «Шиелі тау-кен металлургия колледжі» етіп қайта құру құжаттары
әзірленуде.