Қызылорда облысына
геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге өткен жылы 210 млн. теңгеден астам
қаржы бөлінсе, биыл республикалық бюджет есебінен 495 млн. теңге қаржы қаралды.
Бұл жұмыстар келер жылы да жалғасады. Бұл
туралы бүгін Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев ҚР Президенті жанындағы
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Осы жұмыстар
нәтижесінде жер асты байлығын игеруде ауқымды жобалар жүзеге асуда.
Инвесторлардың қатары да артты.
Құрымсақ кен орнында
ванадий, Байжарқын алаңындағы мыс, алтын және ілеспе компоненттерін, Сырдария учаскесіндегі темір және полиметалл
кендерін, Дарбаза, Иірқұдық және
Мыңқұдық кен орнындарындағы мыс кендерін барлау жүргізуге келісімдер жасалды.