Қазалы ауданында «Жас орда»
жастар қоғамдық бірлестігі және «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалымен
бірлесе отырып Әйтеке би кентіндегі аудандық Жастар үйінің ғимаратында «Бос
жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге жұмыссыздар мен бірге жұмыс
іздеуші мүмкіндігі шектеулі жандар шақырылды.
Жәрмеңке барысында қатысушыларға 24 мекеме, кәсіпорын
және жеке кәсіпкерлік 114 бос жұмыс орнын ұсынды.
Қорытындысында 7 жұмыссыз ақылы қоғамдық негіздегі жұмысқа, 7 жұмыссыз адам
ауылдық жерлерге және кентке тұрақты жұмысқа жіберілді. Жұмыс беруші өкілдері және аудандық
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, «Нұр Отан» партиясы
Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мәмбетжан, Қазалы
аудандық жұмыспен қамту орталығының, «Жас орда» жастар қоғамдық бірлестігінің
қызметкерлері жұмыс іздеушілердің сұрақтарына жауап беріп, түсінік жұмыстарын
жүргізді, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.