Қазалы аудандық орталық кітапханада мемлекеттік тілді меңгерген орыс жастарын анықтау
және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін өсіру мақсатында орыс жастары
арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл – халық жанын танудың кілті» атты
аудандық байқау өткізілді. Шараны Қазалы
ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қызылорда облысы әкімі
аппаратының қоғамдық келісім орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Мемлекеттік
тілдің қолдану беделін арттыруға бағытталған сайысқа онға тарта талапкер
қатысты. Байқау шарты бойынша оқушылар қазақ тілінің лексика-грамматикасын
білуге арналған тест тапсырмаларынан, берілген тақырып бойынша эссе жазудан
және кез келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқудан өзара тартыста түсті.
Қатысушылардың
білім деңгейін Қызылорда облысы әкімі аппараты қоғамдық келісім орталығының
«Этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг» бөлімінің басшысы Асылбек
Жұмабаев арнайы келіп төрелік етті.
Сайыс
қорытындысымен І орынды Қ.Пірімов атындағы №103 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Набира Баркова жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. Жүлделі ІІ, ІІІ
орындарды №266 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Анастасия Романова мен М.Горький
атындағы №16 мектептің 8-сынып оқушысы Александра Лонкина иеленді. Жеңімпаздар
арнайы дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.