Жаңақорған ауданы Сунақ-ата ауылдық округіне қарасты Еңбек елді мекенінде жаңа мешіт ашылды.
«Имандылық үйінің ашылу рәсімінде аудан әкімі С.Тәуіпбаев бұл мешіттің ауданымыздағы 31-ші мешіт екендігін тілге тиек етіп, имандылық ордасы ел игілігі мен бірлігіне қызмет етсе деген лебізін жеткізді», делінген адуандық баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«Әбу Тәліп Ата» атындағы мешітті салған ауыл тумасы, ауданда ұзақ жылдар денсаулық саласында басшылық қызметтер атқарған Нұрілда Тәліповқа ауыл халқы ел атынан ат мінгізіп, зерделі шапан жапты.
Соңыра, көпшілік имандылық үйінде мешітақысы намазы оқып, бабалар рухына Құран аяттарын бағыштады.