Өзбекстан үкіметі халықаралық донор ұйымдарымен бірлесе отырып Аралды құтқару бағытындағы 30 құжатқа қол қойды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Халықаралық донор ұйымдары құрдымға кетіп бара жатқан теңізді құтқару үшін 3 млрд. доллар бөліп отыр.
Үргеніш қаласында өткен халықаралық конференция қорытындысында белгілі болғандай, бөлінген қаржының 1,9 млрд доллары жеңілдік кредиті болса, 1 млрд. долларға жуығы грант пен техникалық жәрдем есебіне қарастырылып отыр.
Арал теңізі Қазақстан мен Өзбекстан шекарасын ала орналасқан. Мұнда небәрі 40 жылдың ішінде су көлемі 5 есеге төмендеп, балықтардың бірнеше түрі жойылып кеткен.