Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-У» зымыран тасығыш
әуе кемесі ұшырылды. «Еуразиялық
экономикалық одақ жағдайындағы облыстың жаңа инвестициялық мүмкіндіктері»
тақырыбында өтіп жатқан ІV Байқоңыр инвестициялық форумға қатысушылар тарихи
сәтті көзбен көрді.
Жалпы, жарты жыл сайын ұйымдастырылатын бұл жолғы
форумға 300-ден астам мейман келді. Бизнес өкілдері, ұлттық компаниялар,
ғылыми-зерттеу, дамыту институттары, банк секторлары және мемлекеттік органдар
өкілдері аймақтың экономикалық мүмкіндігін бағамдау басты мақсаттары.
Алдымен жұлдызды қала төрінде инвестициялық форум
бағдарламасына аясында «Кәсіпкерлік мәселелері бойынша Еуразиялық
экономикалық комиссиясы консультативті комитетінің» отырысы өтті. Ауқымды
жиынға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Еуразиялық экономика
комиссиясының мүшесі, Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур
Сүлейменов, еліміздің және шет елдердің инвесторлары, кәсіпкерлері, қаржылық
сектор өкілдері қатысты. Жиында жеті мәселе қаралды. Онда кәсіпкерлікті
өрістетудің тиімді тетіктері, дамыту жолдары, жайлы мәселелер талқыға түсті.
Форумның басты мақсаты шетелдік және отандық
инвесторлар мен индустриалды, туристік, аграрлық салалардағы компаниялармен
өзара тиімді ынтымақтастық орнату, инвестициялық климатты одан әрі жақсартып,
қаржылық инфрақұрылымды дамыту.
Мұнан соң форумға қатысушылар «Қорқыт ата» меморальды кешеніне аяндап, жұмысымен
танысты.
Ертең форумның негізгі шаралары өтеді. Аймақ үшін
маңызды 11 меморандумға қол қойылады деп күтілуде.