Қызылордалық боксшылар Мәскеуде өткен Ұлы Отан соғысындағы
жеңісімізге арналған дәстүрлі жарыста ойдағыдай ойын өрнегін көрсетті. Ресей
Федерациясының астанасында біздің спортшыларымыз 2 алтын 2 күміс алды.
Турнирге Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь
елдерінен барлығы 15 команда қатысқан. Қазақстаннан Қызылордалық боксшылар
барлығы 6 спортшы таныстырылды. Оның екеуі ұлттық құраманың сапындағы
боксшылар. Олар: 75 кг салмақ дәрежесінде Рустам Сваев пен жоғарғы 91 кг салмақ
дәрежесінде сынға түскен Қамшыбек Қонқабаев.
Сонымен қатар құрамада Бағдат Уайдаев –
60 кг және 52 салмақ дәрежесінде ойын көрсеткен
Баққожа Инатуллаев бар. Бұдан басқа 49 кг салмақта Дәулет Дәуітов пен 91 кг салмақта
Темірлан Өтегендер де бар.
Турнир қорытындысы бойынша Рустам Сваев пен Қамшыбек Қонқабаевтар
алтыннан алқа тақты. Қызық болғанда біздің екі боксшымыз да ресейлік
спортшыларды нокаутпен жеңді. Ал, Бағдат Уайдаев пен Баққожа Инатуллаев финалдық бәсекеде жеңіліп қалып,
күміс медальді қанағат тұтты.
Жеңімпаздарымызды
2 дүркін олимпиада чемпионы, Кеңес боксшысы Борис Лагутин марапаттады. Қызылордалық
бокс құрамасы қазақстан чемпионатына 26 қарашадан бастап дайындалады. Өзбекстанда оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін
олар өз автобустарымен Тараз қаласына жолға шығады.
Боксшыларымызды
Мәскеудегі халықаралық турнирге ҚР еңбегi сiңген жаттықтырушысы Ғалым Байғұндаев дайындады.