Қызылордалық полицей көлікті мас күйінде жүргізген

Қызылордалық полицей көлікті мас күйінде жүргізгенҚызылордада автокөлікті мас күйінде тізгіндегені үшін ішкі істер органдарының қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Облыс прокуратурасынан мәлімдегендей, биыл полиция қызметкерлерінің кінәсінен 3 ЖКО орын алды және 74 әкімшілік құқық бұзушылық жасалды. Соның ішінде ІІД ҰҚКБ қызметкері Байғазинов автокөлікті мас күйінде басқарғаны үшін жұмысынан шығарылды. Бұған қоса, бұрынғы полицей басқарған автокөліктің алдыңғы мемлекеттік нөмір белгісі, сондай-ақ жүргізуші куәлігі болмаған.

Алайда Байғазинді жолда тоқтатқан полиция қызметкерлерінің істі соңына дейін жеткізбеуінен экс-полицей әкімшілік жазадан құтылып кеткен. Дегенмен бұл іске прокуратура араласып, аталмыш қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды, ал өз ісіне салғырт қараған тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қазан 2014 г. 836 0