Жаңақорған аудандық сотында есірткі затын өсірген сотталушының ісі қаралды, деп хабарлайды Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
Сотталушы Ж. Жаңақорған ауданынан көлемі 12х15 м болатын алқапқа арнайы қазылған 5 арық бойынан заңсыз өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар 409 түп сора өсімдіктер егіп, құрамында есірткі заты бар кептірілмеген салмағы 5450,0 грамм марихуана сақтаған.
Сот үкімімен сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 262 бабының 2 бөлігінің «в» тармағымен және 259 бабының 1-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотты болды.
Сондай-ақ, сотталушы Ж.-ға нашақорлықтан еріксіз емдеу медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды.
Үкім заңды күшіне енбеген.