Жаңақорған ауданы Машбек ауылында қазақ күресінен Машбек Нәлібаевты еске түсіруге арналған "Түйе палуан" сайысы өткізілді. Ол ақтық сайыста Оңтүстік Қазақстан облысынан келген салмағы 160 келі тартатын Жұманазар Ерсұлтановты қапы қалдырды. Оның салмағы небәрі 100 келі салмақты маңайлайды, деп хабарлайды seihun.info.
Онда 2013 жылғы Қызылорда облысында "Алтын белбеу" сайысында бас жүлдеге ие болған қармақшылық Айбек Серікбаевтың қанжығасы майланып. ол бас бәйгеге тігілген жеңіл автокөлікті тақымына басты. Одан кейінгі орындарға Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Жұманазар Ерсұлтанов пен Қызылорда қаласынан Ұлан Рысқұл ие болып, оларға 500 мың және 300 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.