Қызылорда тұрғындарының орташа айлық жалақысы биыл 5,5%-ға өсті

Қызылорда тұрғындарының орташа айлық жалақысы биыл 5,5%-ға өстіҚызылорда облысында тұрғындардың орташа айлық жалақысы биыл 5,5%-ға өсті. 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, өңірде нақты секторда жаңа өндірістердің ашылуы, шағын бизнестің дамуы, жаңа әлеуметтік нысандардың пайдалануға берілуі есебінен жыл басынан қыркүйек айының соңына дейін 8157 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамту қызметі арқылы 9788 адам екі қолға бір күрек тапқан, бұл жұмыс іздеп келгендердің 40%-ын құрап отыр. Қоғамдық жұмыстарға 6857 азамат жіберілген.

Жұмыссыздық деңгейі 5%-ды құрады, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға төмендеді. Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 2014 жылдың тамызында 105138 теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 5,5%-ға өсті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 қазан 2014 г. 726 0