Қызылордада ондаған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясына арналып отыр.
2015 жыл елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты облыс әкімінің тапсырмасымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы аудандар мен Қызылорда әкімдігімен, облыстық басқармалармен бірлесіп арнайы іс-шаралар жоспарын әзірлеп жатыр. Олар әрбір елді мекенде, ауылда, еңбек ұжымында өткізіліп, қоғамдағы достық пен келісімді одан әрі нығайтуға үлес қосуы тиіс.
Облыстық білім басқармасы әрбір жас өрен Қазақстан халқы бірлігінің тарихын біліп, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігін тануы үшін жалпы білім беретін мекемелерде жұмыс жүргізуі тиіс. Өйткені келесі жылы Жеңістің 70 жылдығын кең көлемде атап өтеміз.