Бұл тақырып Қызылордада өткен жас судьялардың ғылыми-практикалық семинарына арқау болды. Басқосуға мұрындық болған Қазақстанның судьялар одағы мен Америкалық заңгерлер қауымдастығы. Семинарға қатысушылар екі күн бойы азаматтық істер бойынша сот шешімін дайындаудағы озық әдістемелермен танысады.
Сарапшылардың пікірінше, мұндай біліктілік көтеру жиындары сот саласындағы жас буынның білімін тереңдетіп, тәжіребиесін толыстыра түседі.
Инесса Қуанова, СҚО сотының отставкадағы судьясы:
- Сот шешімін дайындау барысын жетілдіру уақыт талабы. Бүгінгі біз басшылыққа алып отырған әдістеме әлемдегі ең озығы. Осы арқылы біз азаматтық істерді тиянақты қарап, нақты шешімін сауатты дайындауға мүмкіндік аламыз.