Астанада көркем гимнастикадан «Жұлдыз -2014» кубогі үшін өткен III халықаралық турнирде қызылордалықтар нәтижелі өнер көрсетті.
9 мемлекеттің 400-ден аса спортшылары қатысқан бәсекеде 1998-2007 жылғы туылған спортшылар бақ сынады.
2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Сыр елінің гимнастшылары топтық көріністе күміс жүлдеге ие болды. Топ құрамында Динара Шамсудин, Даниелла Қанат, Салтанат Сейітмұхан, Ольга Тянь және Ақбота Өтегендер өнер көрсетті. Бірінші орынды - Астана, үшінші орынды Алматы қаласының гимнастшылары еншіледі.
Ал, 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Сыр өңірінің қыздары төртінші орынды иеленді.
Енді қызылордалық гимнастшылар үстіміздегі жылдың 22-26 қазан аралығында Алматы облысында өтетін көркем гимнастикадан ҚР чемпионатына қатысады, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.