Қызылордада үш болашақ ананы жергілікті СПИД-орталық тұрақты бақылауына алған, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Жүкті әйелдер қауіптің алдын алу мақсатында дәрі-дәрмекті үзбей қабылдап, қажетті режимді сақтап отыр, олар дүниеге сау бала әкелгісі келеді. Әрине, балаларға індет жұқпайды деп кесіп айта алмаймыз, алайда үміт бар. Бастысы дәрігерлердің айтқанын бұлжытпай орындау керек», - дейді облыстық СПИД-орталықтың бөлім бастығы Дина Қарымсақова.
Айта кетейік, СПИД-орталықта тіркеуде тұрған науқастардың 70%-ы әйелдер екен, олардың басым бөлігі инфекцияны жыныстық жолмен жұқтырған.