Ішіп-жеген тамағының ақысын төлемеген

Сотталушы Б. Төретам станциясы темір жол вокзал ғимаратының ішінде орналасқан кафенің ішіне кіріп, сатушы И.-дан жалпы құны 2870 тенге болатын тағамдарға тапсырыс беріп, ішіп-жейді. Сосын жәбірленуші кафе ішінде басқа тапсырыс берушілермен сауда жасап тұрған сәтін пайдаланып, алған заттарының ақшасын төлемей, бой тасалаған. Бұл туралы Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Сөйтіп, сотталушы Б. бөтен мүлікті сенімге қиянат жасау арқылы алдап алып, алаяқтық жасаған.
Сотқа ұсынылған құжаттар бойынша жәбірленуші И.-мен сотталушы Б. «Медиация туралы» Заңының тәртібімен шешу мақсатында, медиатордың көмегіне жүгініп, медиатор арқылы өзара келісімге келіп татуласып, ымыраласқан. Араларында істі «Медиация туралы» заңына сәйкес қысқарту жөнінде «Дауды (дау шарды) реттеу туралы» келісім жасалған.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Б. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қазан 2014 г. 740 0