Қызылорда. Кеше Қызылорда қаласында Арал-Сырдария бассейндік кеңесінің кезекті мәжілісі болып өтті. Оған еліміздің бірқатар өңірлері мен Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерінен су шаруашылығы саласының өкілдері қатысады.
Еліміздің «Су кодексіне» сәйкес Арал-Сырдария бассейндік кеңесі 2006 жылдың маусым айында тұсау кескен еді. Аталмыш кеңестің ережесіне сәйкес оның құрамына Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті өкілдіктері мен атқарушы органдардың, аумақтық мемлекеттік органдардың басшылары мен су пайдаланушылардың өкілдері енгізілген. Мүшелердің жалпы саны 40 адамды құрайды.
Кеңестің күн тәртібінде Жаңақорған ауданында салынып жатқан үрмелі су тоспасы құрылысының барысы талқыланды. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысындағы термалды-минералды сулар жайлы және оны пайдалану, гидрологиялық бюллетеньнің таныстырылымы, «Шардара» су қоймасының және су тоспасының қазіргі жай-күйі елдің назарына ұсынылды.