Полицейлерге су жаңа 50 темір тұлпар берілді

Қызылорда облысында ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, биыл облыс әкімінің қолдауымен жергілікті бюджет есебінен 184 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, оған аталмыш 50 дана «УАЗ-31519» арнайы патрульдік автокөліктер, 36 дана автокөліктегі транкингтік радиостанциялар және 50 дана автокөліктегі бейнетіркеуіштер сатып алынды. Су жаңа көліктердің кілтін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ІІД қызметкерлеріне салтанатты түрде тапсырды, деп әкімдіктеің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, strategy2050.kz хабарлады.

«Елбасының жыл сайынғы жолдауларында ішкі істер органдарының жалпы еліміздің дамуына қосатын үлесі мен құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту бағыттары айқындалып келеді. Олай болса, ішкі істер органдарына жүктеліп отырған міндет аса жауаптылық пен қырағылықты қажет ететінін түсінеміз. Ішкі істер органдарының материалдық техникалық базасын нығайтуға бөлінетін қаржы көлемі соңғы үш жылда 4 есеге өсті. Бүгінгі сіздерге беріліп жатқан қызметтік көліктер қоғамдық тәртіпті сақтауға, түрлі қылмыспен бұрынғыдан да тиімді күресуге мүмкіндік береді деп сенеміз»,- деп атап өтті аймақ басшысы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қазан 2014 г. 819 0