Халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойына орай Қазалы ауданында Жәдігер Тұрсынов атындағы халық театрының бас режиссері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Насыр Баекеевтің дайындауымен драматург Рүстем Жанаевтың «Жанқожа батыр» спектаклі халық назарына ұсынылды. Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақ халқының намысын, елі мен жерін қорғаған Жанқожа батыр бейнесін халық театрының өнерпазы Жантұрған Тоқмамбетов, Ақтан батыр бейнесін Ермекбай Ағыраев, Төремұрат жыраудың бейнесін Жәнібек Құтмаханов, Кенесары хан бейнесін Айбек Мәмбет, Наурызбай батыр бейнесін Қонысбек Шайыхов, Ана рөлін Гүлнар Төребекова, қызының рөлін Индира Рсалиева, Бабажан сарт рөлін Бижан Құрманбаев, Бабажан сарттың әйелін Гүлбану Досан, баласын Әлібек Айдаров, Шынар сұлу рөлін Айгүл Маратова сомдап, жиналған қауымның ризашылығына бөленді. Спектакль өте жоғары деңгейде халық көкейіне жеткізіліп, қазыналы Қазалының өнерге бай өлке екендігін тағы бір мәрте паш етті.