Сыр өңірін «Денсаулық» пойызы аралап жүр

Сыр өңірін «Денсаулық» пойызы аралап жүр«Қазақстан Темір Жолы» ҰК Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесе отырып жыл сайын «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы аясында еліміздің шалғай жатқан өңірлеріне медициналық қызмет көрсететін пойызын жүргізуді қолға алып келеді.

Бұл пойыз шалғайдағы стансалар, разъездер мен олардың маңындағы ауыл тұрғындарына мамандандырылған тегін медициналық көмек көрсетуге арналған. Ол 11 қазаннан бастап аймақтағы Белкөл стансасында тұрғындарға медициналық көмек көрсетті. Мамандырылған медициналық пойыз 18 күн ағымында Қызылорда облысы аумағында қызмет көрсететін болады.

Бүгін ол Сұлутөбе өңірінің жұртшылығын тегін медициналық көмекпен қамтыды. Ал соңғы күні - 29 қазанда Шорнақ стансасында қызмет көрсететін болады. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Бүгінге дейін дәрігер мамандарға Қызылорда облысының 1000-нан аса ауылдықтары жүгінген.

Пойызда 24 дәрігер, 6 медбике, үш медстатист, бір медициналық құралдарды жабдықтау бойынша оператор, бір медициналық тіркеуші, үш санитар қызмет атқарады. Пойыздың медициналық топ құрамында бірінші және жоғарғы санаттағы білікті мамандар - терапевт, педиатр, невропатолог, көз дәрігері, лор, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, проктолог, УДЗ дәрігері, эндоскопшы, педиатр, рентгенші, тіс дәрігерлері бар.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 қазан 2014 г. 801 0