Апанқақ елді мекені Жаңақорған ауданынан 80 шақырым жерде Түгіскен массивінде орналасқан. Ал «Апанқақ» қайнаған ыстық шипалы суы 800 метр тереңдіктен шығып жатыр. Бұл орын бүгінде облысымыздың түкпір-түкпірінен дертіне дауа іздеп келген жандардың шипалы мекеніне айналды.
-Бұл - өте таза су, ыстық және құрамында сынап пен йод бар. Сондықтан да, бұл ыстық су түрлі тері ауруына бірден-бір ем. Тек, келер жолдың нашарлығы қолайсыздық туғызады. Жол салынып, тынығатын, емделетін арнайы үйлері тұрғызылса, халыққа хайырлы іс болар еді, - дейді келушілер.
Айта кетейік, жылына бір рет Алматыдан медицина қызметкерлері келіп, су құрамын тексеріп тұрады. Олардың айтуынша, құрамында дертке шипа болар түрлі минералдар бар «Апанқақ» минералды суы «Сарыағаш» курортынан да асып түспесе, кем емес.