Қызылордада қоңыр күзде жайқалып гүл өсіп тұр

Қызылордада қоңыр күзде жайқалып гүл өсіп тұрҚызылордада 20 мың шаршы метр жерге петуния, кохия, портулак, пеларгония, тагетес сынды гүлдер егіп, жаз бойы айналаны саялы мекенге айналдырған «Жасұлан-Флора» мекемесі енді күздік өсімдіктер отырғызды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Соңғы 2-3 жылда Сыр бойының бас шаһары ерекше гүлге көмкерілді. Климаты құрғақ Қызылорда топырағына әсем де нәзік өсімдікті өсіру оңай шаруа емес. Дегенмен, көркейту-көгалдандыру жұмысымен ғылыми түрде айналысқан «Жасұлан-Флора» серіктестігінің мамандары сортаң жерді гүлдендіре білді. Аптап ыстыққа шыдас берген өскіндер күздің қоңыр салқынында да жайқалып тұр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қазан 2014 г. 791 0