Қызылордада 9-10 қыркүйек күндері бокстан ересектер арасында облыс біріншілігі өтті. Жарысты облыс құрамасының былғары қолғап шеберлерін жарысқа іріктеу мақсатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен бокс федерациясы ұйымдастырған.
Финалға өз аудандарында іріктеуден өткен 20-дан аса боксшы шықты.
Аталған жарыста облыс құрамасында тіпті республикалық дәрежеде өнер көрсетіп жүрген спортышарымыздың мерейі үстем болды. Олардың құрамында – Б.Уайдаев, Р.Сваев, Т.Құлахмет, К.Қоңқабаев және басқада спортшылар бар.
Облыстық бокс спортының жаттықтырушысы С.Өтегеновтің айтуынша, өкінішке орай бұл облыстық біріншілік біздің жаңадан шығып жатқан боксшыларымыз үшін сәтсіз болды, финалдық ойында аймақтың көп спортшылары жеңіліп қалды.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері алғыс хаттармен марапатталды.