Сыр сақшыларының саптық даярлығы тексерілді

Сыр сақшыларының саптық даярлығы тексерілдіӘскери қызметкерлер үшін саптық байқау – атаулы оқиғалардың бірі. Дәстүрлі түрде жылына екі рет ұйымдастырылатын байқаудың басты мақсаты – әскери қызметшілердің саптық жарғы ережелерін меңгеруін, саптық дағдының дәрежесін анықтап, әскери қызметшілердің түр-тұлғасын, киім-киісін, қызмет атқаруы үшін қажетті қару-жарағының, қызметтік куәліктерінің ереже талаптарына сай болуын тексеру болып табылады. Қалыптасқан дәстүрге сай, 2014 жылдың 10 қыркүйегінде  қысқы киім нысанына көшуге байланысты Қызылорда ОІІД жеке құрамының саптық байқауы өтті. Әкімшілік полиция басқармасы ғимаратының алаңында өткізілген іс-шараға Ішкі істер департаментінің барлық басқарма басшылары, қызметкерлері қатысып, 14 қорапта 4 қатарда сап түзеді. Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Шохатаев ішкі істер департаменті басқармалары қызметкерлерін тексеріп, барлығы дерлік киім кию үлгісіне байланысты арнайы бұйрықтың талаптарына сәйкес екендіктерін көрсетті.

Одан әрі саптық байқау жас қызметкерлердің ант қабылдау рәсіміне ұласты. Полиция қатарына жаңа қосылған 10 жас маман қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция қызметкерлерінің қатарын толықтырған әскери қызметкерлерді ант қабылдауларымен құттықтап, оларға әскери қызметте сәттілік тіледі. Әскери өмірге аяқ басқан жас буынды айтулы күндерімен ішкі істер органдары ардагерлерінің атынан Ардагерлер кеңесінің мүшесі  Ж.Асанов та құттықтап, азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді.
 Саптық байқау жеке құрамның салтанатты шеруімен аяқталды, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қазан 2014 г. 775 0