ҚР мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» орденінің иегері Шәймерден Бәкіровтің кеудемүсіні орнатылып, ғылыми-танымдық конференция өтті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Елі үшін еңбек еткен тұлғаға Шиелі ауданы Ботабай ауылындағы №228 мектепке кеудемүсіні орнатылды. Салтанатты шараға қатысқан аймақ басшысы Ш.Бәкіровтың гидротехника саласына қосқан үлесін атап өтті.
- Ш.Бәкіров жастайынан басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. Небәрі 20 жасында Шиелі ауданында суландыру жүйесін басқарса, 36 жасында Жаңақорған аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Бұл оның білімділігін, іскерлік-қабілетінің жоғарылығын көрсетеді. Оның еңбек сүйгіштігін өскелең ұрпаққа өнеге қылуымыз керек, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Мұнан соң облыс орталығында «Ізгілік нұрын сепкен» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті. Онда Ш.Бәкіровтің еңбек жолы туралы арнайы деректі фильм көрсетіліп, ғалымдар баяндама жасады.