« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Екі күн бойы Қызылорда аспанын күймен күмбірлетіп, әуезді әуенмен әспеттеген түркітілдес елдердің өнерпаздары бүгін «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық дәстүрлі музыкалық өнер фестивалін қорытындылады. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев қатысты.
Түбі бір түркі елдерінен келген өнерпаздар бабадан қалған бағзы өнердің туын көкке көтерді. Қобыздың қоңыр үні, сырнайдың сыңғыры, дәстүрлі әншілердің ашық дауысы кештің ажарын аша түсті. Басты жаңалық, алғаш рет сахнада Қорқыт атаның нақыл сөзіне жазылған түрік халқының әні «Дәде Қорқыт» орындалды.
Алтай асып төрт құрлықтың түкпір-түкпіріне тарыдай шашылып кеткен түркі халықтарының басын дәстүрлі музыка біріктіреті тағы бір дәлелденді. Қорқыт бабамыздың музыкалық мұрасын, түркі халықтарына ортақ дәстүрлі өнерді қадірлеп, қастерлеу, кейінгі ұрпаққа саф алтындай таза күйінде аманат етуді мақсат еткен фестиваль өз мәресіне жетті.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |