« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев №7 Қызылорда индустриалды-техникалық колледжінде болып маман даярлау мүмкіндіктерімен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Елбасының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында оқытудың дуалдық жүйесін енгізу тапсырмасы бойынша облыстық білім басқармасы, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, аталмыш оқу орын мен әлеуметтік әріптес кәсіпорын арасында 4 жақты келісімшарттар жасалынып, «Тоңазытқыш сығымдағыш машиналары мен қондырғылары», «Тігін өндірісі мен киімді үлгілеу», «Радиотехника және байланыс», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» жаңа мамандықтары ашылды. Қазіргі кезде білім ордасында 10 мамандық бойынша мамандар даярлануда. 2015-17 жылдар аралығында «Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру», «Шаштараз өнері және сәнді косметика» сынды тағы екі жаңа мамандық ашылады деп жоспарлануда. Бүгінгі күні, оқу орны атауын «Қызмет көрсету және сервис» колледжі етіп қайта құру құжаттары әзірленуде.
Облыс әкімі білім ордасының бірқатар зертханалық кабинеттеріне кіріп, материалдық-техникалық базасымен және оқу жүйесімен танысып шықты. Студенттерге артар сенімнің зор екендігін айтқан аймақ басшысы: «Сіздер үшін еңбек ресурстары арнайы жасалынып, ең жоғары сұранысқа ие мамандықтар белгіленді. Осы мамандықтардың оқу-зертханаларын заманауи қондырғылармен жабдықтауға облыстық бюджеттен 106 млн теңге қаражат бөлінді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп оқу орны мұғалімдері Белоруссияның ұлттық кәсіптік білім беру институтында біліктілік арттыру курстарынан өтті. Сіздердің еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маман атануларыңыз үшін барлық жағдай жасалуда»,- деді.
Сонымен қатар, колледж басшылығы облыс әкімі алдына оқу орнына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және 100 орындық жатақхана, жаңа спорт зал мен зертханалық корпус салу мәселелерін көтеріп, қаражат қарастырылуын сұрады. Облыс әкімі Қ.Көшербаев өңір бюджетінен қаржы бөлінетінін жеткізіп, келесі оқу жылына дейін аталған жоспарларды аяқтауды тапсырды.
Бүгінгі таңда колледж дуалдық жүйе бойынша аудан көлеміндегі өндіріс орындары мен тамақтандыру мекемелерімен келісімшарт жасап, студенттердің білікті маман болып шығу үшін алған теориялық білімін еңбекпен ұштастыруға жағдай жасап отыр.
колледж басшылығы облыс басшысы алдына оқу орнына жаңа оқу корпустарын салу, жатақхана мәселелерін көтерді.
Облыс әкімінің оқу орындарын аралау кезінде көтерілген мәселелер бойынша орынбасары мен тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар берілді.
Содан кейін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев техкорпустың бірқатар зертханаларына кіріп, ондағы өнімдермен, өндіріс технологияларымен, құрылғылардың жұмысымен танысып шықты.
Нарықтық экономикалық жағдайда жұмыс берушімен тығыз байланыста жұмыс жасайтын оқу орнының басты мақсаты – жоғарғы кәсіби даярлыққа және еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.
Бүгінгі таңда колледж дуалдық жүйе бойынша аудан көлеміндегі өндіріс орындары мен тамақтандыру мекемелерімен келісімшарт жасап, студенттердің білікті маман болып шығу үшін алған теориялық білімін еңбекпен ұштастыруға жағдай жасап отыр. Оған болашақта кондитер өнімдерін даярлайтын мамандарды оқытып жатқан №76 «Кондитер» оқу тобын мысал етуге болады.
Барлық құқықтар қорғалған.
Облыс басшысы өз сөзінде бүгінгі еңбек нарығы кәсіптік мамандықтар иелеріне зәру екендігін айта отырып, мұнда жастардың кәсіптік білім алуларына барлық мүмкіндіктер жасалғандығын жеткізді.
Бүгінгі таңда бұл оқу орнында «тігінші», «ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист-машинист», «электр құралдарын жөндеуші электромонтер» мамандықтары бойынша барлығы 338 адам білім алуда.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |