Облыс әкімі грант иегерлерімен кездесті

Облыс әкімі грант иегерлерімен кездестіБүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев грант иегерлерімен кездесті. Айта кетейік, екі жылдан бері облыс әкімінің гранты тағайындалып, 365 мектеп бітіруші түлек студент атанды. Негізгі мақсат жас өрендерді металлургия, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, авиация секілді кәсіби мамандыққа баулу болса, екіншіден ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан талабы таудай, білімге құштар дарынды жастарды қолдау.

Кездесу еркін форматта өтті. Алдымен облыс әкімі өңірде жасалып жатқан жұмыстарды жастарға баяндап берді. Алдағы жоспарларымен бөлісті. Содан кейін, студенттер аймақ басшысына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Жас өрендердің сұрақтары да салмақты. Өңірде жүзеге асатын жобалар, салынатын жаңа нысандар, спортты дамыту бағытында атқарылатын жұмыстарды сұрады. Жалпы, өңір басшысы жастармен жиі кездеседі. Тіпті түрлі тақырыпта лекциялар оқып жүр.

- Маңдайы күнге, табаны құмға күйіп өскен балаларсыңдар. Болашақта атқыралытын жұмыстарға қызығушылық танытып, атқыралытын жұмыстарды сұрап жатқандарыңыз қуантады. Бұйыртса, бұл жетістіктерге бірге жетеміз. Сіздерде санаулы жылдардан кейін бір саланың маманы атанасыңдар. Біздің жас мемлекетіміздің болашағы, оның өркендеп дамуы Сіздерге байланысты болмақ. Елбасының үмітін ақтап, Тәуелсіздікті тұғырландыратын тұлға болып қалыптасыңыздар, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Облыс әкімі грант иегерлерімен кездестіЖерді мелиорациялау, баптау және қорғау мамандығының 1-курс студенті Сәбира Жұмабек студенттер атынан облыс әкіміне алғыс білдірді.

Облыс әкімінің гранты тағайындалып жатыр дегенді естідім. Бірақ соның иегері атанамын деген ойымда да болмады. Бұл гранттың мен үшін үлкен көмегі болды. Әкем жұмыссыз, анам мейірбеке болып қызмет істейді. Мұндай жеңілдік болмағанда мен оқуға түсе алмас едім. Осы залдағы замандастарымның жағдайы менікіне ұқсас. Облыс әкіміне алғысымыз шексіз. Бізге артып отырған үміттеріңізді ақтауға уәде береміз, - деді Сәбира Жұмабек.

Жастармен кездесуді дәстүрге айналдырған өңір басшысы қараша айында «Сыртқы факторлардың ішкі дамуға ықпалы» тақырыбында лекция оқитынын мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қазан 2014 г. 857 0