Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев журналистерге
арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
– Көгілдір отынның бағасына байланысты жылудың бағасы да 28,6 пайызға өсу
керек болатын. Алайда, бұл мәселе дер кезінде шешілді. Халыққа салмақ салмау
мақсатында газға республикалық бюджеттен субсидия алу жұмысымен айналысып
жатырмыз. Қазір тиісті министрліктердің келісімін алдық. Енді Үкімет қаулы
шығарады. Осы жұмыстардың нәтижесінде Қызылордада жылу бағасы өспейді, - деді
облыс әкімінің орынбасары Н.Әлібаев.
Биылғы жылу маусымынының дайындық жұмыстарына 8,4 миллиард теңге қаржы
қаралды. Жылу қазандықтары, жаңартылуға тиісті желілер жоспар бойынша
жүргізілді. Қазір Қызылорда облысы жылу маусымына толық дайын. Жылу беру 1
қазаннан басталып кетті. Бүгінгі күнге дейін 143 көпқабатты тұрғын үй, 21
әлеуметтік нысанға жылу берілді. Ал, 15 қазанға дейін барлығы толықтай жылуға
қосылатын болады.