Аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев аймақтағы
атқарылып жатқан мәдени-әлеуметтік шараларды айтып, облыстың бүгінгі тынысын
баяндады. «Қорқыт ата мұралары – түркі
халықтарының рухани қазынасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция
аясында өтетін алдағы іс-шаралар жоспарымен таныстырды. Кездесу соңында облыстың
негізгі даму салаларын суреттейтін бейнефильм көрсетілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Халықаралық ғылыми-теориялық
конференцияға келген мәртебелі меймандар қатарында ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы Д.Қасейінов, жазушы, саясаткер
О.Сүлейменов және Әзірбайжан, Түркия, Ресей, Молдова, Қырғызстан мемлекеттерінен келген шетелдік ғалымдар мен саясаткерлер бар.
Қазан айының 8-9 жұлдызында Түркі
тілдес халықтардың «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі халықаралық
музыкалық өнер фестивалі аясында «Тұран және түркі әлемі» атты Сыр елі қолөнер
шеберлерінің этно-археологиялық көрмесі мен халықаралық ғылыми-теориялық
конференция және өзге де мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.