"Жігіттер" квартеті қазалылық ұстаздарды мерекесімен құттықтады

"Жігіттер" квартеті қазалылық ұстаздарды мерекесімен құттықтадыҰстаздар мерекесінде аудан әкімінің орынбасары Сұлтан Махашов: «Ел мүддесін бәрінен де биік қоятын озық шәкірттеріңіз көп болғай» деп аудан әкімінің алғыс хаты мен ұстаздарға планшеттер табыстады. Ұстаздарымызды арнайы мерекелерімен құттықтауға «Жігіттер» квартеті ән шашуларын арнады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Биыл облыс бойынша Қазалы ауданы Ұлттық біріңғай тестілеуден екінші орынға шықты. «Алтын белгі» мен «Үздік аттестатты» қорғап шыққан шәкірттердің қатары да көп болды. Әрине, ұстаздарымыз осы жолда қаншама тер төкті.
Аймақ басшысының «Үздік ұстаздарға» тағайындаған миллион теңгелік сыйақысы ұстаздарды ұлықтаудың нақты үлгісіне айналды.«Үздіктердің» Қазалы ауданынан болуы білікті ұстаздарымызға берілген жоғары баға.
Білім беру мекемелерінің саны артуымен қатар мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтеруге, оларды ынталандыруға ерекше көңіл бөлініп келеді.
Бүгінде ауданның білім беру жүйесінде 2 мыңнан астам ұстаз еңбек етуде. Соңғы бес  жылда (екі 1200 орындық, бір 600 орындық, екі 300 орындық, үш 250 орындық, бір 140 және 50 орындық) 10 жаңа мектеп және екі балабақша салынды. 5 мектеп,2 балабақша күрделі жөндеуден өткізілді. Биылдың өзінде 5 мектепке және 1 балабақшаға  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Апатты жағдайдағы мектептердің проблемасы да шешіліп келеді. Биылдың өзінде апаттық жағдайда тұрған үш мектептің құрылысы жүріп жатыр. Соның бір айғағы жақында ғана бюджет қаржысына салынған, жаңа, әдемі 600 орындық мектеп ғимаратымен 280орындық «Алпамыс» балабақшасы пайдалануға берілді.Амандық болса, Сарбұлақ пен Аранды ауылдарында жаңа мектептер ел игілігіне беріледі. Біздегі ауыз толтырып айтатын мәселе  - үш ауысымды мектеп мәселесі толығымен шешілген.
Білім саласына аса қомақты инвестициялар салынуда. Мысалы, 2010 жылы ауданның білім саласына 3 млрд.402 млн. теңге бөлінсе, биыл 5 млрд. 705 млн. теңге бөлініп отыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қазан 2014 г. 933 0