Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадада Қызылорда қаласының әкімдігі бірінші орынды алды

Қызылордада 22 қыркүйек пен 3 қазан аралығында облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХІХ дәстүрлі мемлекеттік және ведоство қызметкерлері арасында спартакиада өткізілген болатын.
 Сайысқа Қызылорда облысындағы басқармалар, аумақтық департаменттер, қала әкімідігі мен қалалық мәслихат командалары барлығы мыңға жуық мемлекеттік және ведомство қызметкерлері қатысып, спорттың 10 түрінен /волейбол, шағын футбол, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд, арқан тарту, үстел теннисі, 4 х 100 м-ге жүгіру, 2400 метрге жүгіру және пневматикалық мылтықпен атудан/ өзара сынға түсті.
 Жарысқа Қызылорда қаласы әкімдігінен 67 қызметкер қатысып, Қызылорда қаласы әкімдігінің командасы жалпы командалық есепте 90,5 ұпаймен І орынды жеңіп алды.
 ІІ орын облыстық салық басқармасының, ІІІ орын облыс әкімі аппаратының үлесінде, деп хабарлайды қалалық ішкі саясат бөлімі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қазан 2014 г. 811 0