Қызылордалықтар ұзақ өмір сүре бастады

Сыр өңірінің медицинасында ілкімді істер атқарылып келеді. Осының нәтижесінде салада оң өзгерістер байқалады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, облыста өмір сүру ұзақтығы 68,9-дан 70,2 жасқа дейін жоғарылады. Сондай-ақ, жалпы өлім көрсеткіші 1000 халыққа шаққанда 3,3-тен 3,1-ге төмендеген. Ал
қатерлі ісік, туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші біршама төмен түсті. Туберкулезбен өлім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 4,2-ден 3,8-ге азайған. Қан айналым жүйесі ауруының 100 мың халыққа шаққандағы өлім көрсеткіші 67,3-тен 51,3-ке төмендеген. 2014 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша ана өлімі 100 мың тірі туылған нәрестеге шаққанда былтырғы жылмен салыстырмалы тіркелген жоқ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қазан 2014 г. 703 0