Қызылордада тұңғыш рет бүйрек ауыстырылды

Қызылордада тұңғыш рет бүйрек ауыстырылдыСыр медицинасы тарихында алғаш рет бүйрек ауыстыру отасы жасалды,-деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

Республикамыз бойынша бүйрек ауыстыру операциясы осымен төртінші мәрте жасалып отыр. Науқас Қызылорда қаласының тұрғыны Ердәулет Бозғұловқа туған қарындасы Жаңагүл Бозғұлова донорлық жасап бір бүйрегін берді.

Аса ауыр бүйрек ауыстыру отасын А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының дәрігерлері мен облыстық медицина орталығының хирург дәрігерлері бірлесіп жасады. Науқасты А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бүйрек ауыстыру, экстракорпоральды детоксикация және урогеникология бөлімінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Әкімжан Зайналов емдеп жатыр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қазан 2014 г. 792 0