Қызылордада мемлекеттің қолдауымен Андрология және урология орталығы ашылды.
Орталықтың жұмысын 2001 жылы негізі қаланған «MEDIUM» ЖШС ұйымдастырды. Компания құрылғаннан бері медициналық жабдықтар мен фармацевтикалық тауарлар сату саласында сауда-делдал қызметімен айналысып келеді. Ал биыл серіктестік «Цеснабанк» АҚ-да рәсімделген кредиттік қаржыға Андрология және урология орталығын ашты. Кредит «БЖК-2020» бағдарламасы аясында субсидияланады.
Еліміздің бас урологы, профессор Мырзакәрім Алшынбаев Қызылорда облысының тұрғындарын көпфункционалды медициналық орталықтың ашылуымен құттықтады.
Күндізгі стационар 30 адамға дейін қабылдайды. Мырзакәрім Алшынбаевтың айтуынша, қызылордалық Андрология және урология орталығының Қазақстанда баламасы жоқ.