Қазалыда жаңа кәсіпкерлік нысан ашылды

Қазалыда жаңа кәсіпкерлік нысан ашылдыҚұрбан айт мерекесі күні заман талабына сай жабдықталған «Нұршуақ» автобекетінің ашылу рәсімі өтті. Оған аудан әкімі Бақыт Жақанов қатысты, деп хабарлады Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Бұл күні - Құрбан айт мерекесі қарсаңында ауданның жаңа кәсіпкерлік нысанымен толығуы көңіл қуантарлық жағдай.

Жалпы аудан бойынша халыққа қызмет көрсету орындарын ашу, азық-түлік бағасын тұрақтандыру бағытында «Сауда-логистикалық орталық ұйымдастыру» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс салу кезінде 10 адам жұмыспен қамтылған болса, қазіргі таңда 7 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Сонымен қатар, қазіргі таңда автостанса жанында салынып жатқан сауда үйінің құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта халыққа қызмет көрсету бағытында 18 орынға арналған сауда нүктесі іске қосылады деп жоспарлануда.

«Сауда-логистикалық орталық ұйымдастыру» жобасы бойынша алдағы уақытта аудан тұрғындарына сауда, тұрмыстық қызмет көрсету мақсатында «Сенім-Табиғат» ЖШС-нің жалпы құны 500,0 млн. теңгені құрайтын «Көп салалы ауыл шаруашылығы өнімдері қоймасы - Сауда орталығын салу» жобасы бойынша «Сауда логистикалық орталықтан» 1,0 га жер учаскесі бөлініп, жоба-сметалық құжаттарын дайындауда.

«Сауда-логистикалық орталықта» жергілікті тауар өндірушілердің өндірген өнімдерін сату үшін сауда үйлерін салуға 2580,0 шаршы метр жер учаскесі белгіленіп, оның ішінде «РЗА» АҚ мен «Сыр маржаны» ЖШС-інің, «Бақыт» шаруа қожалығының әрқайсысына 0,046 гектар жер аукцион арқылы рәсімделді.

Сонымен қатар осы аумақта орналасқан «Нұр Ас және К» ЖШС-іне қарасты жер учаскесіне көтерме сауда орталықтарының құрылысын салу жөнінде жоба-сметалық құжаттар әзірленуде.

Жалпы 2014-2015 жылдары аталған жобалар бойынша 100-ге жуық адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады деп күтілуде.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қазан 2014 г. 824 0