Пайдалануға жақында берілген Қызылорда қаласындағы перинатальдық орталық 135 жаңа медициналық қондырғымен жабдықталды.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, еліміздегі «100 аурухана 100 мектеп» бағдарламасы аясында 200 орынға лайықтап салынған жаңа орталықта 100 дәрігер 600 медициналық қызметкер жұмыс жасайды. Екі бөлім: күндізгі стационар және кеңес беру бөлімдері халыққа қызмет көрсетуде. Дәрігерлер әйелдерге жатыр мойыны патологиялары және бедеулікті емдеуде көмектерін көрсетіп жатыр. Тууға дайындық кабинеттері де бар.
«Қазіргі таңда науқастарды емдеуге ең қажетті құралдар әкелінді. Техникалар орталыққа орнатылып жатыр. Бұл 135 ірі қондырғыдан басқа медициналық мақсатта пайдаланылатын 270 құрылғы бар, сонымен қатар техникалық жабдықтар сатып алу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд 125 млн теңге қаржы бөлінген. Аз уақыттың ішінде дәрігерлер жаңа техниканы меңгеріп алды», - дейді орталық меңгерушісі Ләйлә Құлтаева.
Қызылордаға жіберілген астаналық дәрiгерлер барлық аурулардың асқынуының алдын алып, аяғы ауыр әйелдерді емдеуде.