"Құрбан айт" және Ұстаздар мерекесі қарсаңында Қазалы ауданында тағы бір жаңа мектеп пайдалануға берілді. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауданға арнайы іссапармен келіп, жаңадан салынған №204 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мемлекет
тарапынан білім саласы үшін жасалып жатқан қолдау өте көп. Соңғы
бес жылда Қазалы ауданында (екі
1200 орындық, бір 600 орындық, екі 300 орындық, үш 250 орындық, бір 140 және 50
орындық) 10
жаңа мектеп және екі
балабақша салынды. 5 мектеп, 2 балабақша күрделі жөндеуден өткізілді. Биылдың
өзінде 5 мектепке және 1 балабақшаға
күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Барлық мектеп ағымдағы жөндеуден
өткізілді.
Апатты
жағдайдағы мектептердің проблемасы да шешіліп келеді. Биылдың өзінде апаттық
жағдайда тұрған үш мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Алдағы
уақытта, Сарбұлақ пен Аранды ауылдарында жаңа мектептер ел игілігіне беріледі.
Ауданда ауыз
толтырып айтатын мәселе - үш ауысымды
мектеп мәселесі толығымен шешілген.