Бүгін облыс әкімі Қ.Көшербаев орталық мешітке барып барша жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Бес парыздың бірі - қажылықпен тұспа-түс келетін қасиетті айтың орны ерекше. Құрбайн айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі. Таңмен Алланың жердегі үйіне жиылған жамағат ізгілік пен адалдықты ұлықтап, заманы мен елінің тыныштығын, отбасы мен Отанының амандығын тіледі.
– Еліміз бірлік пен татулықтың арқасында әлем мойындаған мемлекет атанды. Ұлтпен ұлысты ұйыстыра білген Елбасының сарабдал саясатының арқасы бұл. Қасиетті күні тілеген тілектеріңіз, дұғаларыңыз қабыл болсын, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Айт намазынан кейін мешіт ауласында қазақша күрес, асық ату, гір көтеру секілді спорттық ойындардан сайыстар өтті. Сондай-ақ, №18 бағыттағы автобус осы күні халыққа тегін қызмет көрсетуде.