Ұстаздар күні қарсаңында облыс әкімі Қ.Көшербаев үздік 40 мұғалімге 1 миллион теңгенің сертификаттарын табыстады. Айта кетейік, өткен жылы дәл осыншама педагог миллионер атанған болатын.
- Мамандығына барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді. Ұрпақ тәрбиесі деген ұлы көштің басында тұрған сіздерге қадірлі де қажырлы еңбектеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жыл бойы жеміс еңбек еткен мұғалімдер марапат биігінен көрінді. Аймақ басшысы сала үздіктерен «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хатпен» марапаттады. Сондай-ақ, шәкірттері халықаралық, республикалық пәндік олимпиадаларда жеңімпаз атанған, ғылым жолында жаңалық іздеушілерді тәрбиелеп отырған 40 мұғалімге 1 миллион теңгенің сертификатын табыстады.
Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен қорытындыланды.