Келесі жылдан бастап Қызылордада электр энергиясының тарифі өседі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Табиғи монополияларды реттеу агенттігі облыстық департаментінен мәлімдегендей, Қызылорда облысы электр энергиясының бір бөлігін өзінде өндірсе, қалған бөлігін сатып алады. Осы сатып алу бағасы артқандықтан, тариф те өсетіні түсінікті. Алайда бағаның қаншалықты шарықтайтыны әзірге жария етілген жоқ.
Тұтастай алғанда жыл басынан бері облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментіне 15 субъектен 23 реттелетін қызмет түрі бойынша тарифті өсіруге өтінімдер түсті. Оның ішінде қызметтің 20 түрі бойынша 12 өтінім қарауға қабылданған жоқ.