Ескi
әндердiң тылсым қасиетi бар. Жақында ғана дәстүрлі түрде жетінші рет Қазалы
қаласының мәдениет үйінде «Сағындырған әндер-ай» ретро фестивалі болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аталмыш
Ретро әндер фестивалінің мақсаты - аға буын
әншiлер орындаған әндердi кейiн iлесiп келе жатқан жас орындаушыларға жеткiзу. Қазiргі
таңда Садық Кәрiмбаев, Бекен Жамақаев, Әбiлахат Еспаев сынды тағы басқа
сазгерлерiмiздi кiм екенiн бiлмейтiн жастар бар. Яғни сол жастарымызға және
тұрғындарға аға буын сазгерлеріміздің есiмiн қайта бiр жаңғырту.
Фестиваль
барысында халық әні «Дедімай-ау» орындайтын Сәрсенкүл Рысмамбетова Халық әні
«Айым бекен-ай, «Сен ғана» орындайтын Күлпараш Сәрсенбаева, Кеңес Одағының
кезіндегі белгілі «Машина времени», «Сомасветы», «Песнияры» сынды мықты ансамблдердің орындаған әндерін
эстрадалық музыка өнеріне сай өңдеп, жаңа сипатта көрермендерге ұсынды.
Кеш аясында
аудан әкімінің орынбасары Ғ. Бәймішев қатысушы өнерпаздарға және көрермендерге
жылы лебізін білдіріп, қатысушы ансамбльдерді марапаттап, құттықтады.
Құлақтан
кіріп, бойды алар сағындырған әсем әуен тыңдаған көрермендер ұйымдастырушыларға
алғысын білдіріп, көтеріңкі көңілмен тарқады.
Аудан
әкімінің тікелей басшылығымен қала құрылысы саласына, елді мекендерді
абаттандыру, көркейту мәселесіне көңіл бөлініп, жұмыстың қарқыны күшейе түсуде.
Қазалы қаласын дамыту бағытында абаттандыру, тұрғындарды қоныстандыру жобасы
жасалынған болатын.
Қазалы
қаласының Орталық алаңына 23 миллион 623 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу
жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде кіре беріс
қақпадан бастап, балалар ойын алаңдары, жарықтандыру, орындықтар, алпенария
көлшік, аң мүсіндері орналыстырылды, өнерпаздардың заманауи сахнасы
көркемделіп, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан және елге аман есен оралған
ардагерлерге «Тағзым алаңы» мен «Мәңгілік алау» жағылды. Асфальт төселініп,
қоршаулар жаңартылды. Бұл демалыс орны қала халқының рухани демалас орнына
айналатыны сөзсіз.