Қазалы
ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен №170 орта
мектепте үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті
жастарды анықтау және қолдау, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбилеу, өзге де
халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу мақсатында «Тілдарын – 2014» аудандық
олимпиадасы өтті.
Онда18-25
жас аралығындағы онға тарта талапкер өзара тартысқа түсті. Сайыс берілген
тақырыптың мазмұнын ашу, эссе жазу және мәтінге аударма жасау бойынша үш
кезеңнен өткізілді. Аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Бердібекұлы, №216
мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі Д.Катаева, №170 мектептің қазақ тілі
пәнінің мұғалімі Б.Орынбай, №234 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Н.Арзиева қатысушылардың білім деңгейін сарапқа салды.
Нәтижесінде
№249 мектеп-лицей мұғалімі Мейрамкүл Өтегенова І орынды жеңіп алып, облыстық
олимпиадаға жолдама алды. Жүлделі ІІ, ІІІ орындарды №100 мектептің мұғалімі Нұргүл
Сарманова, №70 мектептің мұғалімі Нәзерке Асамадинова иеленді. Жеңімпаздар
диплом, бағалы сыйлықтармен марапатталды.