2014 жылғы 1 қазанда болған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары анықталды. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР ОСК Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2014 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты болып төмендегілер сайланды деп таныды:
Ақмола облысынан - Әкімов Рашит Қайыржанұлы;
Ақтөбе облысынан - Тағымов Марат Мырзағалиұлы;
Алматы облысынан - Мұсаханов Аңсар Тұрсынханұлы;
Атырау облысынан - Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы;
Батыс Қазақстан облысынан - Мұқаев Ерболат Рахметұлы;
Жамбыл облысынан - Жолдасбаев Мұратбай Сматайұлы;
Қарағанды облысынан - Ершов Сергей Михайлович;
Қостанай облысынан - Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы;
Қызылорда облысынан - Еламанов Бекмырза Қайыпұлы;
Маңғыстау облысынан - Бортник Михаил Михайлович;
Оңтүстік Қазақстан облысынан - Бектаев Әли Әбдікәрімұлы;
Павлодар облысынан - Көбенов Манап Шарапиденұлы;
Солтүстік Қазақстан облысынан - Перепечина Ольга Валентиновна;
Шығыс Қазақстан облысынан - Плотников Сергей Викторович;
Астана қаласынан - Жақсыбеков Серік Рыскелдіұлы;
Алматы қаласынан - Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы.
Қ. Тұрғанқұловтың сөзіне қарағанда, сайланған Сенат депутаттарының орташа жасы 56 жасты құрайды. Олардың құрамында 7 инженер, 4 ауыл шаруашылығы қызметкері, 2 экономист, 2 оқытушы және 1 заңгер. бар.
Дауыс беру және дауыстарды санау барысын барлығы 387 адам, соның ішінде үміткерлердің сенім білдірген өкілдері, Қазақстанның саяси партияларының, бірлестіктерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бақылады.
«Олардың алдын ала бағалауынша, сайлау науқаны ұйымшылдықпен, ашық және демократиялық жағдайда өтті. Сайлау үдерісіне қатысушылардың барлығы да құқықтық кеңістік аясында және елдің сайлау заңнамасыына сәйкес әрекет етті», - қорытындылады сөзін Қ.Тұрғанқұлов.