Қайырымдылық - әр адамға жарасымды іс

Қайырымдылық - әр адамға жарасымды ісҚазалы ауданында қыркүйек қайырымдылық айы деп жарияланып, 3 қазанда «ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» қайырымдылық акциясы өткізіледі, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. 
Акция қарсаңында Қазалы ауданы белсенділік танытып, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілді.
«Аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тарапынан мүмкіндігі шектеулі тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларды аралап, азық-түлікпен қайырымдылық көрсетті.
Алдағы уақытта да осындай акциялар өз жалғасын табатынына сеніміміз мол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қазан 2014 г. 863 0